- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда адамдарды алдап,...
Алматыда адамдарды алдап, қомақты қаражат жымқырған күдікті ұсталды
Алматыда бес адамды алдап, қомақты қаражат жымқырған адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алмалы аудандық полиция басқармасының мәліметінше, 29 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты бірнеше рет жасалған алаяқтық бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Ер адам кем дегенде бес адамды алдады деген күдікке ілінді.
"Заңсыз әрекеттер баспанаға мұқтаж бірнеше азаматтың ірі көлемдегі ақшасын жоғалтқан кезде белгілі болған. Олар өзін қайырымдылық ұйымдарының бірінің қызметкерімін деп таныстырған бейтаныс адамға 7 миллион теңге берген. Қаскөй оларға қайырымдылықтан және қордан баспана беруге уәде берді. Алайда баспана да жоқ, ақша да жоқ, алдап кеткен. Жедел іс-шаралар жүргізіліп, күдікті ұсталды", - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Полиция күдіктінің заңсыз әрекетінен зардап шеккендерді мына телефон нөмірлеріне хабарласуға шақырады: 8-702-646-43-46 және 8-702-066-50-73.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина