Алматыда адамдар аспалы жолда “қалып қойды“

Алматы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортының аспалы жолында тұрып қалған адамдарды эвакуациялаған сәттің кадрларын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Департамент по ЧС г.Алматы (@almaty_tjd)

Алматы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқу-жаттығуларға барлығы 260 адам мен 77 техника жұмылдырылған.

"Жаттығудың жоспарына сәйкес, электр қуаты апатты жағдайда сөніп қалған кезде аспалы жолдың да жұмысы тоқтап қалды. Біз адамдарды фуникулерден құтқардық, - деп хабарлады Алматы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан