- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда адам көп...
Алматыда адам көп жүретін көше қиылысында көлік қозғалысы уақытша жабылады
Фото:
pixabay.com
Алтынсарин даңғылы мен Қуанышбаев көшесінің қиылысында көлік қозғалысы уақытша жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Алматы жылу желілері" ЖШС-не сілтеме жасап.
23 желтоқсан күні сағат 23:00-ден 24 желтоқсан 11:00-ге дейін Алматының Әуезов ауданында Алтынсарин даңғылы мен Қуанышбаев көшесінің қиылысында көлік қозғалысы жабылады.
Бұл көшелердің астынан өтетін кабельдік желілерге жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
"Алматы жылу желілері" ЖШС жүргізушілерге осы аумақтан айналып өтуді ескертті.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан