Алматыдағы Медеу ауданында Абай атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатта Абай Құнанбаевтың ескерткішінің ашылу салтанаты өтті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ескерткіш алматылық кәсіпкер Банщиков Вячеславтың қаражатына салынды. Ақынның 170 жылдығына арнайы жасатылған ескерткіштің ашылу салтанатында ұлы ақын туралы сөздер айтылды. Ескерткіштің биіктігі – 4,5 метр.
"Ұлы Абай әр кірпіш өзінің орнын табуы керек деп айтқан. Мен өз кірпішімнің орнын таптым, ол адамдарға көмектесу", – деді Вячеслав Банщиков.