Алматыда Абай көшесінің бір учаскесі 10 күнге жабылады

Алматыда Абай көшесінің бір учаскесі 10 күнге жабылады
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Алматыда Абай даңғылының ұзаруына байланысты Алатау даңғылынан учаскедегі қозғалыс уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

19 қыркүйекте 23.00-ден 29 қыркүйекте 23.00-ге дейін Алатау даңғылынан Строительная көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады.

Айналма жол оңтүстік бағытта Строительная, Құндызды, Сәбденов көшелерімен, солтүстікте-Строительная, Қ. Медеубеков, Бекешев көшелерімен қамтамасыз етіледі. Учаскеде ескерту белгілері қойылады.

Еске салайық, Абай даңғылын қала шекарасына дейін ұзарту бойынша қозғалысты биылғы жылдың соңына дейін ашу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда қалған 600 метр учаскеде жұмыс жүргізіліп жатыр, ұзартудың жалпы ұзындығы 5,3 шақырым.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина