Алматыда Абай көшесі ішінара жабылады

Алматыда Абай көшесі ішінара жабылады
Фото: depositphotos.com

Алматыда Абай даңғылының бір бөлігінде жөндеу жұмыстарына байланысты қозғалыс ішінара шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әкімдік мәліметінше, Абай даңғылының бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

"24 тамыз сағат 21:00-ден 1 қыркүйекке дейін Саин көшесінен Момышұлы көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Жөндеу жұмыстары жолды толық жаппай, бірнеше жолақта кезең-кезеңімен жүргізіледі", - деп жазылған хабарламада.

Сурет: Алматы әкімдігі

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget