Әкімдіктің мәліметінше, Алматыда Абай даңғылының учаскесі бір түнге жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
25 шілде сағат 22:00-ден 26 шілде 08:00-ге дейін Алматы Әуезов ауданындағы автокөлік қозғалысы Абай даңғылымен Алтынсарин көшесінен "Сарыарқа" метро станциясына дейін (family паркі) батыс бағытта жабылады. Шығыс бағыттағы қозғалыс ашық күйінде қалады.
Бұл уақытша шектеулер магистральдық құбыр учаскесінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі. Жұмыстар жылумен жабдықтау желілерін алдағы жылыту маусымына дайындау шеңберінде жүргізіледі.
Қала тұрғындары мен қонақтарына маршруттарды жоспарлау кезінде осы өзгерістерді ескеріп, баламалы айналма жолдарды алдын ала таңдау ұсынылады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!