Алматыда Абай даңғылы мен Жароков көшесі қиылысында көлік қозғалысы шектеледі

Алматыда Абай даңғылы мен Жароков көшесі қиылысында екі күнге көлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Газ тарату желілерін салу және жаңғырту жобасы аясында Абай даңғылы мен Жароков көшесі арқылы өтетін газ құбыры өткелін салу жұмыстары жүргізіледі.

"Осыған байланысты 1 тамыз сағат 06:00-ден 2 тамыз сағат 00:00-ге дейін құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілетін аумақта көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі", - деп жазылған хабарламада.

Алматы тұрғындары мен қала қонақтарынан жол жүру бағытын алдын ала жоспарлау, уақытша енгізілген шектеуді ескеру, сондай-ақ, жол белгілерін сақтау сұралды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз