Алматыда Toyota Camry көпірден ұшып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға түнде Рысқұлов даңғылындағы жол айрықта, Күдерин көшесімен қиылыста болған.
Жергілікті полиция қызметі басқармасының кезекші бөлімінің ақпараты бойынша, оқиға сағат 01:50-де болған. Жүргізуші - 20 жастағы жігіт. Жол апаты салдарынан жүргізуші түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді.
"Одан бөлек, 1999 және 2003 жылы туған екі жолаушыға медициналық көмек қажет болды. Олар да ауруханаға жеткізілді. Бұл дерек Алатау аудандық полиция басқармасында тіркелді", - деді алматылық полиция өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!