Алматыда ТЖМ құтқарушылары SPA орталықта шыққан өртті сөндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
8 қазанда кешке 112 пультіне Медеу ауданындағы Самал-2 шағынауданында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына ТЖМ күштері жедел жіберілген. Алғашқы бөлімшелер жеткен кезде екі қабатты жеке тұрған SPA орталықтың бірінші қабатындағы бу бөлмесінде өрт шыққаны анықталған. Екінші қабатта түтін байқалған.
"Өрт сөндіру бөлімшелері дереу іске кірісті. Ғимарат ішіндегі жоғары температура өрт сөндіру жұмыстарын қиындатты. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова