Алматыда LRT салына ма? Досаев нақты жауап берді

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қала тұрғындарымен кездесуде LRT салу мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қала әкімінен LRT жобасы туралы сұралған.

"Алматыда LRT желілерін салу мәселесі көптен бері талқыланып келе жатыр. 2010 жылдан бастап бұл мәселе шешілмеген күйінде қалып отыр. Бұл сұрақ әлі де өзекті ме? Төле би көшесінде де трамвай рельстері әлі толық бөлшектелмеген", - деп сұраған тұрғын.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Төле би көшесінде LRT салынатынын айтты.

"Жақында Мемлекет басшысы Павлодарда Алматы трамвайына қатысты өкінішін білдірді. Қаланың даму жоспарына енгізген жаңа жоба - трамвай түріндегі төмен қабат LRT. Ешқандай қолдау болмайды. Келесі жылдың көктемінде жобаның құнын түпкілікті шешеміз. Төле би бойынша LRT салынады. Қала үшін "Саяхат" автовокзалынан бастап жалғап, Ақсайға дейін созу өте маңызды. Қазір жұмыс жалғасып жатыр, жер учаскелерін сатып алу жұмысы жүріп жатыр", - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін қала әкімі Ерболат Досаев қалада жеңіл рельс трамвай желісі (LRT) жобасы бойынша нақты шешімдер келесі жылдың сәуірінде қабылданатынын мәлімдеген болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!