Алматыда Бауыржан Момышұлы көшесінде LRT бірінші желісі құрылысының жаңа кезеңі - темірбетон шпалдар мен рельс төсеу жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қала әкімдігі мәліметінше, бұл жұмыс учаскелерде кезең-кезеңімен қолға алынған. Бауыржан Момышұлы көшесіндегі учаскенің ұзындығы - 4,4 шақырым. Қос жолды желі салу аясында 14 784 темірбетон шпал мен 1 408 рельс төселеді.
Сонымен қатар, жобаның бірінші кезеңіне кіретін басқа учаскелерде, соның ішінде Төле би көшесінде де жұмыстар жалғасып жатыр.
Айта кетейік, LRT бірінші желісінің алғашқы кезеңі Алатау ауданындағы индустриялық аймақта орналасқан деподан басталып, Бауыржан Момышұлы көшесімен, одан әрі Төле би көшесі және Абылай хан даңғылы арқылы "Алматы-2" теміржол вокзалына дейін созылады.
Бірінші кезектің соңғы нүктесі ретінде "Райымбек батыр" көлік ауыстырып міну торабы қарастырылған. LRT бірінші желісін 2027 жылдың соңында іске қосу жоспарланып отыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова