Алматыда Halyk Arena-да өрт шықты

Алматыдағы Halyk Arena мұз сарайында өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Tengrinews.kz редакциясына кешеннің ішінен түсірілген видео келген. Кадрлардан дәлізді қою қара түтін басқаны көрінеді. Оқырманның айтуынша, ұлы сол жерде хоккеймен айналысады. Бапкер ата-аналарға жаттығу болмайтынын айтып, оқиға орнынан видео жіберген көрінеді.

Алматы ТЖД өрт туралы ақпаратты растады. Хабарлама 27 ақпанда сағат 12:35-те түскен.

"Өртсөндірушілер жеткенге дейін қызметкерлер әкімшілік кабинеттің 8 шаршы метр аумағында шыққан өртті ішкі өрт кранын пайдалану арқылы сөндірді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", – деді ТЖД өкілі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз