- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда HÏKAYA заманауи...
Алматыда HÏKAYA заманауи өнер кеші өтеді
Алматы қаласы, "Алатау" дәстүрлі өнер театрында 23 сәуір күні täuel[dı]sız жобасының HÏKAYA заманауи өнер кеші өтеді. täuel[dı]sız – əн мен əуендi, би мен өнердi поэзиямен ұштастырған арт-жоба.
Кеште адамзат пен жасанды зият байланысы, саяси ахуал, табиғат пен діл мәселесі және әлем назарын аулаған сұм соғыс медиасауат тұрғысынан сахналанады.
Заманауи қазақ поэзиясының өкілдері – Тұрсынбек Башар, Әсел Кәрібай, Жұлдыз Молдағали, Файзолла Төлтай, Мақпал Жұмабай, Ислам Қабыл, Әсем Құлманова, Бауыржан Майтай сынды ақындардың өлеңдері оқылады.
Өнер кешіне белгілі қаламгерлер, тәуелсіз ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысады.
Жоба туралы: täuel[dı]sız жобасы 2019 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Мақсаты – қоғамдағы түрлі әлеуметтік, өзекті мәселелерді өнер арқылы кең көпшілікке жеткізу. Сондай-ақ, заманауи поэзия өкілдері — жас авторлар мен олардың шығармашылығын таныту. Жоба "Тәуелсіздік ұрпақтары", Internews грантының және халықаралық ARTIF Awards байқауының жеңімпазы.
Т. Раушанұлы