Құтқарушылар Алматыдағы алапат өрт сөндірілгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ТЖМ мәліметінше, өрт алдын ала болжам бойынша 3000 ш.м. алаңда оқшауланған.
"Өртсөндірушілер жақын орналасқан 3 қабатты әкімшілік ғимарат пен тауар-материалдық құндылықтары бар қойманы өрттен қорғап қалды. Құтқарушылардың жедел әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, 19 ақпанда таңғы сағат 08:25 шамасында Алматының Әуезов ауданында қойма өртенді. Алматы ТЖД мәліметінше, қойма өртеніп, өрт жанында тұрған үш қабатты әкімшілік ғимараттың шатырына көшкен.
Сондай-ақ, оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова