Алматы әкімдігі Райымбек даңғылы бойынша өтетін BRT құрылысы басталатын мерзімді жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
23 сәуірден бастап Алматыдағы Райымбек даңғылында қаладағы ең ірі көлік жобасының бірі BRT желісін іске асыру жұмыстары басталады.
Жоба үш бөлікке бөлінген:
Бірінші кезеңде, яғни 21 сәуірден маусымға дейін құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіледі. Бұл кезеңде жол бойында жұмыс басталады: бір шеткі оң жақ жолақ уақытша жабылады, ал әр бағытта үш жолақпен қозғалыс сақталады.
Екінші кезең маусымнан басталады, жаңа асфальт төселіп, жол таңбалары сызылып, бағдаршамдар жаңартылады. Сонымен қатар, тротуарлар, жасыл аймақтар, велосипед жолдары, балалар және спорт алаңдары көркейтіледі.
"Құрылыс жұмыстары кезінде тұрғындар мен қала қонақтары қолайсыздықты барынша аз сезінуі және қауіпсіз жүріп-тұруы үшін барлық жағдай жасалады", - деп жазылған хабарламада.
Жаяу жүргіншілер үшін:
Қоғамдық көлікпен қатынайтын жолаушылар үшін:
• жөндеу жұмыстары кезінде уақытша аялдамалар қойылады, олар негізгі маршруттарға барынша жақын орналастырылады.
Әкімдік мәліметінше, негізгі жұмыстарды 2025 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!