Алматыда 9 жастағы мектеп оқушысы жоғалып кетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция мәліметінше, Айша Тимур бүгін таңғы сағат 07:40-та Сейфуллин даңғылындағы үйден Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы мектепке кеткен. Әлі іздестіріліп жатыр.
Белгілері: арық денелі, шашы қара түсті. Қызғылт күртеше, мектеп юбкасы, қара етік және көк қалпақ киген. Рюкзак қызыл түсті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!