Роза Рымбаева және басқа да эстрада жұлдыздары Алматының бас шыршасының шамдарын жағу кезінде өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін Алматыдағы барлық 80 шыршаның шамдары 19:00-де жағылады. Бас шыршаның шамын жағу рәсімі Абай атындағы алаңда өтеді. Биіктігі 25 метр болатын шыршаны безендіру үшін 6 шақырым гирлянда, сәндік элементтер, шырша шарлары, ірі банттар және қайта өңделген экологиялық қауіпсіз материалдардан жасалған Жаңа жылдық ойыншықтар пайдаланылды.
Шырша шамдарын жағу рәсіміне дейін, сағат 18:00-де Абай алаңындағы Республика Сарайының алдында "Алматының 8 кереметі: отбасылық мереке - таңғажайып Жаңа жыл" атты ауқымды шоу басталады. Іс-шарада Роза Рымбаева, Тұрар, Балжан Бидаш, "Альфа" тобы, Динара, Назым Әділдина, Мәди Рымбаев, Dakelot, "Астра" тобы, Adill және Malika Yes және басқа да эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді (кіру тегін).
Абай алаңына келген қала тұрғындары мен қонақтарын Күлбике күймесі, Зімбір адам және басқа да ертегі кейіпкерлері қарсы алады. Ірі әрі жарқын фотозоналар, жарқыраған субұрқақтар және басқа да инсталляциялар халыққа ерекше мерекелік атмосфера сыйлайды. Іс-шараға келген қонақтар естелік фотосурет жасап, Жаңа жылдық видео түсіре алады.
Сонымен қатар Абай алаңында 2024 жылдың 20 желтоқсанынан 2025 жылғы 5 қаңтарға дейін мерекелік жәрмеңке өтеді. Мұнда қолөнер бұйымдары, кәдесыйлар және Жаңа жылдық ойыншықтар ұсынылады.
Сағат 18:00-ден бастап мерекелік іс-шаралар қаланың 8 ауданында да өтеді:
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз