Алматыда 80 миллион теңгенің жарық бағаналары ұрланған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алатау ауданында мүлікті ұрлау дерегі анықталды. Компаниялардың бірінің қызметкері жарық бағаналарын санап, жетіспейтінін байқап, бұл туралы полицияға мәлімдеген.
"Біздің ауданымызда 20-дан аса осындай қылмыс жасалғаны белгілі болды. Қаскөйлер түнде ұрлық жасап жүрген. Олар ГАЗель жүк көлігімен келіп, жалға алынған манипуляторды айдап әкеліп, тура іргедегі шам бағаналарын кесіп, ұрлап кеткен. Біз 50-ден аса ұрланған бағаналарды тәркіледік. 32 жастағы және 24 жастағы екі ер адам ұсталды. Олар УҰИ-ға орналастырылды. Заттай айғақ тәркіленді", - деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жарияланбайды.
Еске салайық, бұған дейін "Қазавтожол" өкілдері республикалық маңызы бар жолдарда 20 миллион теңгенің жол белгілерін ұрлағанын мәлімдеген еді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!