Алматыда 8 наурыз қалай тойланады?

Алматыда Халықаралық әйелдер күніне арналған ауқымды іс-шаралар өткізілмек. Мереке қарсаңында қала тұрғындары мен қонақтары концерттер, көрмелер, театр қойылымдары және шығармашылық кездесулерді тамашалай алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

7 наурызда сағат 18:30-да "Алатау" дәстүрлі өнер театрында "Анаға тағзым" атты мерекелік концерт өтеді. Сахнада белгілі өнерпаздар Әсет Есжан, Шаттық Уатқан, Нұрболат Ұзақбай, Диас Мұратхан, Тілек Базаров және Нариман Әбдірахман өнер көрсетеді.

8 наурызда бірқатар мерекелік іс-шара өтеді:

  • Сағат 17:00-де Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде "Иірім" тобының "Әлемнің сыйы әйелге" атты концерті өтеді.
  • Қуыршақ театры "Мама для Мамонтенка" спектаклін қазақ тілінде сағат 14:00-де, орыс тілінде сағат 12:00-де сахналайды.
  • Осы күні сағат 19:00-де "Артишок" театрында "Самұрық" би труппасы "Ауыл" қойылымын сахналайды. Іс-шара заманауи хореография фестивалі аясында өтеді.

Сонымен қатар, 7 және 8 наурызда Алматы халықаралық әуежайында Алматы қаласының тарихи музейі қорындағы дәстүрлі зергерлік бұйымдардың көшпелі көрмесі ұйымдастырылады.

Қаланың әртүрлі ауданында да мерекелік іс-шаралар өтеді:

  • Медеу ауданында 7 наурызда сағат 11:00-де Жамбыл атындағы филармонияда (Төле би көшесі, 21, Қалдаяқов көшесі, 35 қиылысы) мерекелік концерт өтеді;
  • Жетісу ауданында 7 наурызда сағат 12:00-де мәдениет үйінде (Есім хан көшесі, 127) мерекелік концерт өтеді.

Айта кетейік, 2025 жылы Халықаралық әйелдер күні сенбіге сәйкес келеді, яғни қазақстандықтар қосымша демалыс күн алады. Ережелерге сәйкес демалыс күні дүйсенбіге, 10 наурызға ауыстырылады.

Еске салайық, бұған дейін Астанада да 8 наурызға орай бірқатар мәдени іс-шара өткізу жоспарланып отырғаны хабарланды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!