Алматыда 8 жастағы бала үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті

Алматыда 8 жастағы бала үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті
Фото: Видео кадры

Алматыда 8 жастағы бала үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ-ға сілтеме жасап. 

Алматы қаласында ересектердің қарауынсыз қалған 2016 жылы туған бала үшінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлады.

Көп қабатты үйлердің терезелерінен балалардың құлауына байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ТЖМ ескертеді:

  • Балаларды қараусыз қалдырмаңыз!
  • Балалар бар пәтерлердің терезелерін арнайы қорғаныс құрылғыларымен жабдықтаңыз!
  • Бала оны өз бетінше аша алмауы үшін терезе тұтқаларын құлыптаңыз!
  • Ешқашан москит торларын қолданбаңыз-балалар оларға сүйеніп құлайды!
  • Баланың терезеге көтерілуіне жол бермеу үшін жиһаздың барлық түрлерін терезелерден алыстатыңыз!

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек