- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда 7-қабаттан құлай...
Алматыда 7-қабаттан құлай жаздаған баланы студент құтқарып қалды
Алматыда 7-қабаттан құлай жаздаған 2 жасар баланы 19 жастағы студент құтқарып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
21 шілдеде Алматы ТЖД-ға 67 жастағы Ермекбай Тамабаев жүгінген. Немересімен серуендеп жүрген кезде ер адам "Алтынбұлақ" тұрғын үй кешеніндегі 7-қабаттан құлай жаздаған бала құтқарылған оқиғаның куәсі болған.
Куәгердің айтуынша, бала 7-қабаттағы өрт сатысына қысылып қалған.
"Басы тор арасына қысылып қалған еді, ал өзі салбырап тұрды. Ол кіреберістің төбесіне құлап кетуі мүмкін еді", - деді ол.
Ермекбай Тамабаев кіреберісте тұрған жастарды көмекке шақырған.
"Өтінішіме көмекке асыққан жас жігіт бірден жауап берді. Ол соңғы минуттарда тордан ұстап тұрған кішкентай баланы ұстап үлгерді, содан кейін оны анасына берді", - деді ер адам.
Құтқарушы Абай атындағы педагогикалық университеттің Дене шынықтыру факультетінің 19 жастағы студенті Ерасыл Махмуд болып шықты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ж. ҚадыржановаПосмотреть эту публикацию в Instagram