Алматыда 687 килограмм лағман пісірілді. Оны дайындауға 20 аспаз бен бірнеше көмекші қатысқан. Шара Қазақстан Халқының Бірлігі күні мен Қазақ географиялық қоғамының 5 жылдығына арналды. Тағамның салмағы өлшенген соң ол Гиннестің рекордар кітабына енді. Тағам толық дайындалып болған соң ұйымдастырушылар оны алаңға жиналған жұртқа таратты. 1500 адам тағамнан дәм татты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара Қазақстан аумағында тұратын ұлттардың салт-дәстүрін әлемге таныту мақсатында ұйымдастырылды.