Алматы қаласының ауруханаларында 631 адам карантинде жатыр. Мұны Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әділдаев хабарлады.
Оның сөзіне қарағанда, үйдегі карантинде 1243 адам жатқан көрінеді. Карантинде жатқандың жағдайы жақсы, дене қызуы жоқ.
Бүгін түсте Алматы қаласында коронавирусқа шалдыққан тағы бір науқастың бар екені белгілі болған еді. Бұл – Алматы қаласында 23-ші науқас. Ол бұрын коронавирус жұқтырған адаммен жақын байланыста болған 27 жастағы қыз болып шықты.
- Ол инфекция жұқтырған адамның жанында болғаны үшін инфекциялық ауруханаға жатқызылған болатын. Бүгін оның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Қазір жағдайы қалыпты, - дейді Әбілдаев.
Қазіргі уақытта Алматы қаласының клиникалық инфекция ауруханасында 20 адам жатыр. Оның екеуінің жағдайы нашарлау, қалғандары орынша.
Айта кеткен жөн, қазіргі уақытта Қазақстанда 57 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі: Нұр-Сұлтан қаласында – 31 адам, Алматы қаласында – 23 адам, Қарағандыда – 2, Алматы облысында – 1.