Алматы-2 теміржол вокзалына келген пойызда 52 адам газдан уланып қалған. Алдын ала мәлімет бойынша төтенше жағдай киностудия ұйымдастырған түсірілім кезінде болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Алматының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.
"Оқиға орнына 13 жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Барлығы 52 адам зардап шекті, оның ішінде балалар бар. Барлық зардап шеккен адам тексеріс жүргізу және медициналық көмек көрсету үшін қала стационарларының қабылдау бөлімдеріне жеткізілді", - деді ведомство өкілі.
Тексеріс нәтижелері бойынша 10 бала ауруханаға жатқызылған, оның екеуі жансақтау бөлімінде, қалғандары бейінді бөлімшелерде жатыр.
Ал "Жолаушылар тасымалы" АҚ мәліметінше, бұл құрам жеке меншік тасымалдаушыға тиесілі, вагондар киностудияға түсірілім өткізу мақсатында берілген.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова