- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда 5 секс-притон...
Алматыда 5 секс-притон әшкереленді - видео
Алматыда полиция қызметкерлері бес жезөкшелер үйін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мәліметінше, жезөкшелікпен айналысатын орындар, сондай-ақ, адам саудасына қатысты басқа да заңбұзушылықтар республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықталған.
Алматы прокуратурасының үйлестіруімен жедел және арнайы іс-шаралар жүргізілген.
"Жыныстық эксплуатацияның алдын алу мақсатында ойын-сауық мекемелерінде, монша кешендерінде, сауналарда, қонақүйлерде жедел алдын алу іс-шаралары ұйымдастырылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы бойынша қылмыстық істерді тіркеуге негіз болған жеңгетайлық пен жезөкшелікпен айналысудың 5 дерегі анықталды.
Сонымен қатар, арнайы іс-шара барысында жаңа туған нәрестені сату әрекетінің жолы кесілді. Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы 2-бөлігі бойынша тергеліп жатыр. Сондай-ақ, емдік массаж жасайтын орынның кейпін жамылып, интим қызмет көрсеткен екі массаж салонының заңсыз әрекеті анықталды", - деді Алматы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек