- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда 5 адамнан...
Алматыда 5 адамнан кокаин тәркіленді
Алматыда полиция қызметкерлері арнайы операция жүргізіп, қылмыстық топтан кокаин тәркіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қалалық прокуратураның үйлестіруімен ұзақ уақыт кокаин сатқан қылмыстық топтың заңсыз әрекетінің жолын кесті.
Жедел іс-шаралар барысында күдіктілердің қылмысы анықталып, олардың ауыр қылмыстарға қатысы барына айғақтар табылған. Топ мүшелерін тінту кезінде кокаин теркіленген.
Полицияға барлығы 5 адам жеткізелген, оның екеуі қылмыстық топтың негізгі ұйымдастырушысы және белсенді қатысушысы. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соталды тергеу басталды.
"Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі өкілдері.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә