Алматыда 42 жастағы заңгер әйелді пышақтап өлтірді деген күдікті анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл оқиға 8 қазанда сағат 23.00 шамасында қаланың Алмалы ауданында болған. Көптеген пышақ жарақатымен қаладағы жақын жердегі ауруханаға жеткізілген 1980 жылы туған А. есімді әйел 12 қазанға қараған түні медициналық мекемеде қайтыс болған.
Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Бұл қылмысты ашу мақсатында арнайы жедел-тергеу тобы құрылған. Күдікті анықталды. Оны қамауға алу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы ҚР ІІМ мен Алматы қалалық ПД басшылығының бақылауында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!