- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда 42 жастағы...
Алматыда 42 жастағы заңгер әйелді өлтірді деген күдікпен күйеуіне іздеу жарияланды
Алматыда 42 жастағы заңгер әйелді бұрынғы күйеуі өлтірген, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция мәліметінше, әлеуметтік желіде әйел адвокатты өлтірді деген күдікпен оның бұрынғы күйеуі іздестірілуде деген ақпарат шықты.
Алматы қалалық Полиция департаменті осы аса ауыр қылмысты жасады деген күдікпен марқұм әйелдің бұрынғы жұбайы - 1974 жылы туған Н. есімді ер адам іздеуде екенін растады.
Еске салайық, бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Тергеу барысы ҚР ІІМ мен Алматы қалалық ПД басшылығының бақылауында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина