Алматыда Байқадамов пен Гагарин көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Алматы жылу жүйесіне" сілтеме жасап.
Алматыда 1984 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан құбырды ауыстыру үшін Байқадамов пен Гагарин көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы шектелмек.
19 шілдеде сағат 23:00-ден 22 шілдедегі сағат 9:00-ге дейін Алматы қаласы Бостандық ауданында Байқадамов және Гагарин көшелерінің қиылысында автокөліктер үшін қозғалыс жабылады. Екі бағытта да көлік қозғалысы жабық болады.
Уақытша шектеулер 1984 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан, жалпы ұзындығы 1220 метр болатын, аталған көше бойындағы көлік жолы бөлігінің астынан өтетін құбырды жаңғырту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізілді.
Бұл құбыр 97 көппәтерлі тұрғын үйді, 12 жеке тұрғын үйді, 4 балабақшаны, 2 денсаулық сақтау нысанын және 27 басқа нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Жаңғырту жұмыстары кезеңінде аталған тұтынушылар ыстық сумен бұрынғысынша үздіксіз қамтамасыз ете берілетін болады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!