Алматыда 1984 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан құбыр ауыстырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әкімдік мәліметінше, Байқадамов пен Гагарин көшелерінің қиылысындағы құбыр ауыстырылды. Учаскенің ұзындығы 1220 метр.
Бұл құбыр 97 көппәтерлі тұрғын үйді, 12 жеке үйді, 4 балабақшаны, 2 денсаулық сақтау объектісін және 27 өзге де нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді.
Аталған тұтынушыларға реконструкция жүргізу кезеңінде ыстық сумен жабдықтау сақталды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз