Алматыда 40 жастағы әйелдің қазасына байланысты тергеу басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдын ала мәлімет бойынша, ол өзі тұрған көпқабатты үйдің тоғызыншы қабатынан құлаған. Оқиға орнына барған тергеу-жедел тобы пәтерді тексеру барысында іс үшін маңызы бар бірқатар материалды, соның ішінде мазмұны зерттеліп жатқан жазбаны тапқан.
Қазір полиция оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты тексеріп жатыр. Тергеу барысында әйелдің өмір салты, араласқан ортасы, оқиғаға дейін болған жағдайлар мен қайғылы оқиғаның ықтимал себептері зерттеліп жатыр.
Тексеру нәтижесіне қарай тиісті процестік шешім қабылданады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!