Алматыда 4 қабатты ғимарат өртеніп жатыр , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде өрт шыққан ғимараттың видеосы тарады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
ТЖМ мәліметінше, Медеу ауданы Самал шағынауданында орналасқан 4 қабатты әкімшілік ғимараттың шатырында өрт шыққан.
"Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде пайдаланылмайтын ғимараттың шатыры түтіндеп жатқаны байқалды. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды. Өртті оқшаулау үшін барлық шара қолданылып жатыр", - деді ТЖМ баспасөз қызметі өкілі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова