Алматыда 4 жасар бала отшашудан зардап шеккен

Алматыда 4 жасар бала отшашудан зардап шеккен
Фото: Massaget.kz/Болат Айтмолда

Алматыда жедел жәрдемге ең көп қоңырау әдеттегідей Жаңа жыл түні түскен. Бұл туралы ӨКҚ-да өткен баспасөз конференциясында Алматы қалалық жедел медициналық жәрдем қызметі директорының орынбасары Андрей Ложкин мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, мереке күндері 189 бригада жұмыс істеген, 500-ден аса қызметкер еңбек еткен.

"2025 жылғы 31 желтоқсан мен 2026 жылғы 4 қаңтар аралығында жедел жәрдем қызметіне 11 158 өтініш түсті. Жедел жәрдемге ең көп қоңырау әдеттегідей Жаңа жыл түні түсті. 1 900 шақырту тіркелді", - деді Андрей Ложкин.

Сонымен қатар, биыл қалада пиротехникадан жарақаттану бойынша 20 оқиға тіркелген.

"Оның 11-і балаларға қатысты. Ең кішкентайы 4 жаста болды. Он адам жедел жәрдеммен стационарға жеткізілді, жетеуі дәрігерге өз бетінше жүгініп, үшеуі жарақаты жеңіл болғандықтан ауруханаға жатудан бас тартты", - деді Андрей Ложкин.

Сонымен қатар, мереке күндері жедел жәрдем қызметкерлері бес сәтті реанимация жасаған. Үш адамды үйде босандырған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget