Қытайдан келген турист Алматы маңындағы Богданович мұздығынан эвакуацияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
112 пультіне Алматының таулы аймағында шетелдік турист әйелдің жарақат алғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға Медеу ауданына қарасты Богданович мұздығы ауданында, теңіз деңгейінен шамамен 3500 метр биікте болған.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 1998 жылы туған әйел басынан жарақат алып, қан кеткен. Ол өздігінен төмен түсе алмаған.
Зардап шеккен азаматша ҚХР азаматтарынан құралған үш туристтен тұратын топта болған. Құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Алматының Әмбебап құтқару бөлімшесінің, Құтқару қызметінің және ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жедел түрде жұмылдырылды.
Нақты орны анықталғаннан кейін құтқарушылар туристерге жетіп, зардап шеккен әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетті және эвакуациялау туралы шешім қабылдады. Заманауи жедел-құтқару техникасы мен реанимобильдің көмегімен шетелдік азаматтар медициналық мекемеге жеткізілді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz