Алматыда есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын сақтады және таратты деген күдікпен 34 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматылық азаматты тінту барысында қара изолентаға оралған ұнтақ заты бар 18 байлам табылып, тәркіленген. Ұсталған адам синтетикалық есірткіні интернет арқылы алғанын мойындады.
"Жедел уәкілдердің айтуынша, қаскөй бұл шөпті сатуды жоспарлаған. Күдікті қамауға алынды. Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалды. Бұрын хабарланғандай, 2024 жылы қалада заңсыз айналымнан 1 тоннадан астам есірткі, оның ішінде 117 келіден астам синтетика тәркіленді", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты барлығы 760 құқықбұзушылық анықталып, 275 шөпті сату дерегінің жолы кесілген. 23 зертхана жойылып, екі есірткі қоймасы анықталды, 105 есірткі қойып кетуші ұсталды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Д. Литпин