- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда 305 шетелдік...
Алматыда 305 шетелдік ұсталды
Алматыда 305 шетел азаматы ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жергілікті профилактикалық іс-шаралар барысында қаладағы көші-қон қызметі мен жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері 305 шетелдікті анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Олар негізінен Өзбекстан мен Африка құрлығы елдерінің азаматтары.
"ПД-нің қабылдап-тарату ғимаратына жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 106 шетел азаматы орналастырылды. Сот қаулысымен 101 шетелдік Қазақстан Республикасынан шығарылды. Тиісті шара қолданбағаны үшін 115 қабылдаушы тарап ҚР ӘҚбК-нің 518-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды: 97 жеке тұлға, 18 заңды тұлға. Төрт компанияға қатысты, "Халықтың көші-қоны туралы" ҚР Заңына сәйкес, алдағы уақытта шетелдіктерді шақырудан бас тартылады", - деді, Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина