- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда 30 тамызға...
Алматыда 30 тамызға дейін кейбір көшелерде көлікпен жүруге тыйым салынды
Алматы қаласында жылу желілерін қайта құрылымдау кезінде бірнеше көшелер бойынша жол жүрісі шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Алматы жылу жүйесі" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы қаласының бірнеше көшелері бойынша автомотокөлік қозғалысына шектеулер жылу желілерін жоспарлы қайта құрылымдауға байланысты енгізілетін болады.
29 мамырдан 30 тамызға дейін Алмалы ауданында - Бөгенбай батыр көшесінің солтүстігіне қарай Байтұрсынов көшесінен Наурызбай батыр көшесіне дейін аула ішілік аумақ бойынша.
31 мамырынан 1 тамызына дейін Жетісу ауданында - Расков көшесінен Есенов көшесіне және одан әрі Колпаковский көшесімен №143 мектеп-лицей ғимаратына дейін.
1 маусым мен 30 тамыз аралығында Әуезов ауданында - Шаляпин көшесінің солтүстігіне қарай Момышұлы көшесінен Саин көшесіне дейінгі аула ішілік аумақ бойынша.
"Енгізілген шектеулер аталған көше сегменттерінің жүріс бөлігінің астында өтетін құбырларды қайта құрылымдау бойынша жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Тұрғындарға қолайлы жағдайларды сақтау үшін олардың үйлеріне ыстық су уақытша схемалар бойынша беріледі. Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және аталған қалалық учаскелерді айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина