Алматы қаласының прокуратурасы есірткі және психотроптық заттарды жарнамалауды және сатуды жүзеге асырған 22 Telegram-арнасының қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл арналарға қатысушыларға тыйым салынған заттарды сатып алу ғана емес, сонымен қатар "закладчик" ретінде заңсыз қызметпен айналысу ұсынылғаны анықталды.
Сот Жетісу ауданы прокурорының аталған интернет-ресурстарға тыйым салу туралы талап-арызын қанағаттандырып, олардың қызметі тоқтатылды.
Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды жедел шаралар қабылдау үшін есірткі тарату фактілері және өзге де құқыққа қарсы әрекеттер туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!