- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда 21 және...
Алматыда 21 және 22 наурызда көлік қозғалысы шектеледі
Алматы полициясы Наурыз мейрамын мерекелеу кезінде көлік қозғалысы шектелетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Наурыз мейрамына орай 21 және 22 наурызда қала аумағында түрлі ауқымды іс-шара жоспарланған.
Осыған байланысты Желтоқсан, Абылай хан, Назарбаев көшелерінің бойымен Гоголь көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы шектеледі.
Төле би даңғылы бойымен Желтоқсаннан Назарбаевқа дейін ("Астана" алаңында) жол қозғалысы жабылады.
Сонымен қатар Алматы полициясы аталған аумақтарда көліктерді қоюға шектеу қойылатынын хабарлады.
"Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мереке күндері көлік кептелісі мен жайсыз көңіл күйді болдырмау үшін Алматы полициясы азаматтарды бұл шараларға түсіністікпен қарап, алдын ала қозғалыс бағыттарын реттеп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан