Алматыда 2024 жылдан бері іздеуде жүрген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бопсалау және тонау дерегі бойынша ауыр қылмыс жасады деген күдікпен іздеуде жүрген ер адам қолға түскен. Бұл қылмыс 2024 жылы жасалған.
Тергеу дерегіне сүйенсек, үш адамнан құралған топ қорқыту, күш қолдану арқылы шамамен 3 миллион теңге көлеміндегі ақшаны заңсыз иемденген. Бұл оқиға бойынша соталды тергеп-тексеру басталып, қылмысқа қатысы бар екі адам жедел түрде ұсталып, сот үкімімен жауапкершілікке тартылған.
Үшінші күдікті оқиға орнынан бой тасалап, кейін оған іздеу жарияланған.
"Күдікті бір жылдан аса уақыт бойы жасырынып жүрген. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Мендебаев.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова