Алматыда 2016 жылы электр энергиясы қымбаттауы мүмкін, − деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.
"АлматыЭнергоСбыт" компаниясының Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне сәйкес өтініш бергені хабарланды. Компания жанар-жағармай материалдарының қымбаттауына және доллар бағамының өсуіне байланысты 1 киловатт электр энергиясын 17 теңгеге дейін көтеруге рұқсат сұрады.
"Бұл энегрия көздерінің тарифті 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2 пайызға көтерілуімен байланысты. "КЕГОК" АҚ, Мұнас ЖЖМ тарифтерін 6 пайызға көтеріп үлгерді", − деді "АлматыЭнергоСбыт" бас директорының орынбасары Самат Әрішев. Ол Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұған қатысты әзірше шешім қабылдамағанын айтты. Соңғы шешім 25 желтоқсаннан кейін шығады.
Дереккөз: tengrinews