Алматыда 20 турист алданып қалған

Алматыда 20 турист алданып қалған
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Алматы полицейлері алаяқтықтың бетін ашты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Шаһардың кем дегенде 20 тұрғыны туристік демалыссыз қалды: олар турларының ақысын алдын ала төлеп, бірақ тур болмаған.

Алданған азаматтар полицияға жүгінді. Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері туристік фирманың 26 ​​жастағы директорын ұстады.

Алдаудың барлық эпизодтары бір іске біріктірілген. Бірнеше рет алаяқтық жасағаны бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Полицейлер күдіктінің заңсыз әрекетінен зардап шеккендерді Алмалы аудандық ПБ-ға жүгінуге немесе мына телефон нөмірлеріне хабарласуға шақырады: 8-707-306-06-04; 8-702-066-50-73; 254-46-12.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина