Алматыда 20 сантиметрге жуық қар жауды

Алматыда 20 сантиметрге жуық қар жауды

Алматыда 20 сантиметрге жуық қар жауды. Бұл туралы қалалық әкімдік мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

31 желтоқсанда сағат 21.00-ден бастап Алматы қаласында қар жауып бастап, 1 қаңтар таңғы сағат 6-да аяқталған.

 Қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметінше, таңнан бері қар тазалау жұмыстарын 512 арнайы техника мен 1280 жұмысшы жалғастыруда. Көктайғақтың алдын алу мақсатында 174 құмшашқыштың күшімен жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себілген. Сағат 06:00-дегі жағдай бойынша 2099 тонна материал пайдаланылыпты.

 Тротуарларды, қоғамдық көлік аялдамаларын, жер үсті және жерасты өткелдерін тазалау жұмыстары да жүргізілуде. Түнгі уақытта бұл жұмыстарға 462 арнайы техника мен 312 жұмысшы жұмылдырылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова