Алматыда жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, бұл әрекетін әлеуметтік желіде жариялаған жүргізушіге заң аясында шара қабылданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіге жүргізілген мониторинг барысында Toyota көлігінің жүргізушісі жылдамдық режимін қасақана асырып, өз әрекетін видеоға түсіргені анықталған. Сондай-ақ, көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі салонында жатқан.
Алматы Полиция департаменті мәліметінше, жүргізуші жедел түрде анықталған. Ол - Алматы қаласының 20 жастағы тұрғыны.
"Жүргізуші көлікті мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз басқарғаны және арнайы жарық беру құрылғысын заңсыз орнатқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді Алматы ПД өкілі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!