2026 жылы Алматыда №2 жылу электр орталығы толық газға көшіріледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Алматыға жұмыс сапары барысында "Алматы электр станциялары" АҚ ЖЭО-2 және "Алматыжылужайэнерго" ЖШС "Орбита" қазандығында болды.
№2 жылу электр орталығында министр Алматы қаласы әкімдігі, "Самұрық-Энерго" АҚ өкілдерімен жылыту маусымына байланысты кеңес өткізді.
"Отырыста ЖЭО-2 өкілдері EPC газға ауыстыру бойынша мердігер анықталғанын, жұмыстар басталғанын айтты. Жұмыс 2024 жылы басталып, 2026 жылдың соңына дейін аяқталады. Нәтижесінде Алматыда №2 жылу электр орталығы газға көшеді", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ, №2 ЖЭО-да №3 қазандық пен № 1, 2 турбиналарға күрделі жөндеу жұмысы аяқталғаны белгілі болды.
"№5 қазандыққа күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып жатыр. Жалпы "Алматы электр станциялары" АҚ бойынша жөндеу биыл қарашаның соңында аяқталады. Күзгі-қысқы уақыттағы жағдайға дайындық паспорты алынды", - деп жазылған хабарламада.
Аяз Есен
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!