- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда 2 балл...
Алматыда 2 балл жер сілкінісі болды
Алматыда 2 балл жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР ТЖМ "Сейсмология институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 23 қаңтарда Алматы уақытымен 15 сағат 07 мин 09 сек (2024 жылғы 23 қаңтар Гринвич бойынша 09 сағат 07 мин 09 сек) жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 км жерде Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.6.
MPV магнитудасы 4.9.
Эпицентрдің координаттары 41.14° С. Е. 78.57° ш. б.
Тереңдігі 5 км.
Сезілетіндігі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): Алматы қ. 2 балл
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина