- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда 17 жастағы...
Алматыда 17 жастағы қыз төрт күннен бері табылмай жатыр
Алматыда 17 жастағы Айша Құрманбек төрт күннен бері табылмай жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі inAlmaty.kz сайтына сілтеме жасап.
10 қаңтарда сағат 14:30 шамасында бойжеткен Талдықорғаннан шығып кеткен. Еріктілердің айтуынша, жоғалған қыз оңтүстік астанада.
Белгілері: бойы 176-178 сантиметр, дене бітімі орташа, шашы қара, көзі қоңыр.
Үстінде қоңыр пальто, ақ орамал, қызыл жемпір болған. Қолында ұялы телефоны болған.
"Қыздың шамамен қай жерде екені белгілі - Райымбек көшесіндегі бизнес-парктің ауданы, 212. "Осы ауданда тұратын немесе жұмыс істейтіндердің барлығына өтініш білдіреміз. Суреттегі қызды мұқият қарап, жоғалғанды табуға көмектессеңіз" , - деп жазған еріктілер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек