Алматыда 17 жастағы қыз терезеден құлап қаза тапты

Алматыда 17 жастағы қыз терезеден құлап қаза тапты
Фото: depositphotos.com

Алматыда көпқабатты тұрғын үй кешендерінің бірінде қайғылы оқиға болды. 17 жастағы қыз терезеден құлап қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24KZ-ке сілтеме жасап.

Полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Қайғылы оқиға Наурызбай ауданындағы тұрғын үй кешенінде болған. 

Қайтыс болған қыздың анасының айтуынша, бойжеткен құрбыларына қонаққа барған.

Алматы Полиция департаменті кәмелетке толмаған қыздың қазасына байланысты тергеу басталғанын хабарлады.

"Наурызбай аудандық полиция басқармасы бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget