Алматыда 17 жасар қыз жол апатынан мерт болды

Алматыда 17 жасар қыз жол апатынан мерт болды
Фото: видео скрині

26 қаңтарда түнде Алматыдағы Сүйінбай даңғылының бойында №13 әскери қалашық маңында жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

"BMW көлігінің жүргізушісі даңғыл бойымен оңтүстікке қарай келе жатқан. Шамасы жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған. Көлік сырғанап, ағашқа соғылды. Содан кейін инерциямен шам бағанасына соқтығысты", - деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

2004 жылы туған жүргізуші ауыр жарақат алған. Оны жедел жәрдем бригадасы 4-қалалық ауруханаға жеткізген. Ал 17 жастағы жолаушы алған жарақаты салдарынан оқиға болған жерде мерт болды.

Қазір бұл деректі тергеумен Алматы полиция департаменті анықтау басқармасының қызметкерлері айналысып жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алматы қаласының ПД (@almaty_police_department)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан